Ата-аналарға
Баланы жазғы лагерге жіберу біршама сұрақтар тудырады. Соның жиі қойылатындары:
Қандай құжаттар қажет?
- Баланың туу туралы куәлігінің сканері;
- Баланың фотосы;
- Лагерьге баратын балаларға арналған медициналық анықтама (071/у формасы);
- Ата-ананың жеке куәлігінің немесе паспортының сканері.
Барлық құжаттарды электронды түрде жіберу керек.
Қандай киім алу керек?
- Күнделікті киімдер (футболка, шалбар, көйлек, джинсы, топ және т.б.);
- Ашық аяқ киім (шлепка, босоножка, сандалий және т.б.);
- Кешкі іс шараларға киетін киім (көйлек, туфли және т.б);
- Спорт костюмы және кроссовки (спорттық ойындарға және походқа);
- Жылы киімдер (толстовка, жемпір, ветровка, жылы шалбар және т.б.);
- Іш киімдер мен нәскилер;
- Пижама/ұйқыға киетін киім;
- Кепка/панамка немесе басқа күннен қорғайтын бас киім;
- Шомылуға арналған киім (купальник, плавки, сланцы, очки);
- Жуынуға арналған заттар (сүлгі, шампунь, сабын, тіс щеткасы мен пастасы);
- Жеке гигена заттары (дезодорант, крем және т.б.).
Лагерде мобилді байланыс бар ма?
Бар.
Лагерьде балалар телефон ұстап жүреді ме?
Біздің лагерде телефон мен гаджеттер қолдану уақыты шектелген. Балалар келген күні телефонды өткізіп, 3, 6, 9 күні ата-аналарымен сөйлесуге алады. Және басқа да уақыттарда фото/видеоға түсуге қолданады.
Лагерде тыйым салынған заттар
- Алкоголь, насвай, темекі және табак қыздыратын құралдар;
- Сіріңке, зажигалка және басқа да от тұтатушы кұрылғылар;
- Өткір және дене кесетін заттар;
- Электрқыздырғыш аспаптар (шәйнектер, су қайнатқыш және т.б.);
- Сырттан тамақ кіргізуге, сүт, ет және басқа да тез бұзылатын өнімдерді алып келуге болмайды.
Балаға ақша берейік пе?
Оны өздеріңіз білесіздер. Лагердің ішінде магазин мен кафетерий бар.
Барарда жиналатын жер және уақыт
Таңғы 8:00-де Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, DELVE CAMP офисына келу керек. Осы жерде автобустар тұрады. Автобус жанындағы қызметкерге келіп, смартфоннан путевканы көрсетіп, багаж тапсыру қажет. Сағат 9-да автобустар жолға шығып кетеді.
Лагердегі балалармен жолығатын уақыт
Сенбі және Жексенбі, 14:00 — 18:00 аралығында.
Лагерь біткен соң сағат нешеде келесіздер?
Сезонның соңғы күні автобустар сағат 4-ке Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, DELVE CAMP офисына келеді. Ата-аналарға автобус есігіне жақындап баланың аты-жөнін айту керек.
Баланы күтіп алу міндетті ме?
Иа, 18 жасқа толмаған бала болғандықтан, біз оны жалғыз өзін жібере алмаймыз. Өзіңіз келе алмасаңыз, туыстарын жіберіңіз
Басқа қаладан келетіндерге не ұсынасыздар?
Біз баланы аэропорттан/вокзалдан күтіп алып, DELVE CAMP лагеріне жеткізе аламыз. Сезон біткен соң, аэропортқа/вокзалға қайта алып келіп, рейске салып жібере аламыз. Бұл қызмет ақылы.
Договор мен бухгалтериялық документтер бересіздер ме?
Иә, путевка алған кезден бастап біздің арамызда осы Келісім-шарт күшіне енеді, қажет болса чек және қосымша бухгалтериялық құжаттар бере аламыз.